Автор: ADMIN
Енді әскери бөлімдерде бәрі камера бақылауында болады
Әскери өмір енді ашық әрі әділ болмақ. Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің қауіпсіздігін күшейту үшін жаңа қадамдар жасалуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елдегі әскери бөлімдерде заманауи бейнебақылау жүйелері орнатылады. Бұл бастама сарбаздардың өмірін қорғауға және әскери ортадағы әділет пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бас әскери прокуратура қолға алған екі ірі жоба — «Әскердегі заң және тәртіп» пен «Цифрлық профилактика» — әскери қызметтің жаңа цифрлық дәуіріне жол ашпақ. Енді бөлімшелерге жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бейнебақылау жүйелері орнатылады. Олар жағдайды автоматты түрде талдап, қауіптің алдын алуға көмектеседі.
Әсіресе, далалық жаттығулар, атыс және жауынгерлік кезекшілік кезінде сарбаздар бейнежетонмен жабдықталады. Бұл жүйе командирлер мен жауынгерлердің әрекетін нақты бақылауға мүмкіндік беріп, сенім мен әділдікті арттырады.
Цифрландыру толқыны шақыру процесін де қамтып отыр. Енді әскери комиссия жұмысы толық аудио-бейне жазбаға түсіп, хаттамалар онлайн қолжетімді болады. Бұл медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтардың әскер қатарына заңсыз шақырылуының алдын алады.
Бүгінде armia.kz сайтында цифрлық кеңесші іске қосылып, сарбаздарға арналған байланыс арналары жетілдірілуде. Енді әрбір әскери қызметші қайда жүгіну керек екенін нақты біледі және шағымы ескерусіз қалмайтынына сенімді болады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
Даже безработный обязан платить алименты
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı