Автор: ADMIN
Қазақстанға келген туристерге SIM карта тегін берілуі мүмкін
Қазақстанға келген шетелдік туристерге тегін SIM карта берілмек. Бұл бастаманы Мәдениет және ақпарат министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында көтерді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Министрдің айтуынша, елге келген көптеген турист алғашқы сәттен бастап интернет пен байланыстың жоқтығынан қиындық көреді. Осы мәселені шешу үшін Қазақстанда тегін SIM карта тарату ұсынылып отыр.
«Турист елге қадам басқан сәтте байланысқа шығуы керек. Бұл – қауіпсіздік пен жайлылықтың маңызды бөлігі», – деді министр.
Бұған қоса, министр еліміздің ірі қалаларында түнгі уақытта әуежай мен қала орталығы арасында қатынайтын түнгі автобустарды іске қосуды ұсынды. Бұл – туристер үшін ғана емес, түнде жұмыс істейтін азаматтар үшін де тиімді шешім болмақ.
Бұл ұсыныстар еліміздің туристік имиджін арттыруға, сервисті жақсартуға және қонақтарға жайлы жағдай жасауға бағытталған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Apple вновь стала самой дорогой компанией в мире
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Последние новости
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire