Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам

Следуй за нами

51

Қазақстанда 6 мың сотталған азаматқа рақымшылық жасалуы мүмкін

news single

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасалуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте арнайы заң жобасы ұсынылып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Заң аясында мыңдаған азаматтың бостандығы мен жаза мерзімі қайта қаралмақ, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Мәжіліс отырысында сөз сөйлеген депутат Абзал Құспанның айтуынша, бұл қадам – қателік жасағанымен, түзелуге бет алған азаматтарға берілетін мүмкіндік.

«Бұл – мемлекеттің ізгілікке негізделген актісі. Өкінген, қателігін түсінген, түзелгісі келетін жандарға екінші мүмкіндік беруіміз керек», – деді Құспан.

Заң жобасы бойынша рақымшылық келесі санаттағы азаматтарға қолданылады:
 • Қылмыстық теріс қылық жасаған,
 • Онша ауыр емес немесе орташа ауыр қылмыс жасап, жазасын өтеп біткен,
 • Орташа ауыр қылмыстар бойынша тергеу жүріп жатқан, бірақ үкімі шықпаған азаматтар.

Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі қысқартылуы мүмкін. Мысалы, алаяқтық жасап, келтірілген залалды толық өтегендер үшін жаза бестен бірге азайтылады.

Дегенмен, мемлекеттік құпияларды жария ету, сыбайлас жемқорлық сияқты мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін істерге рақымшылық қолданылмайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда:
 • 40 мыңнан астам адам қамауда отыр;
 • Оның 33 мыңы – сот үкімімен жазаланғандар;
 • 7 мыңы – тергеу қамауында;
 • 27 мыңнан астам адам пробация қызметінің есебінде тұр.

Алдын ала есеп бойынша, 6 000 сотталған және 9 000 пробацияда тұрған азамат рақымшылыққа ілігеді. Олардың ішінде 4 100-і толық босатылса, 11 000-ға жуық адамның жаза мерзімі қысқартылады.

Заң жобасы 833 әйелге де қатысты болады:
 • 109 әйел толық босатылады,
 • 724-інің жаза мерзімі қысқартылады.

Сонымен қатар, 629 әлеуметтік осал азаматтың 57-сі бостандыққа шығады, 572-сі жаза жеңілдігін алады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться