Автор: ADMIN
2025 жылы Илон Масктың интернеті Қазақстанда ресми іске қосылады

Жаңа дәуірдің шынайы бастауы! 2025 жылдың үшінші тоқсанында Илон Масктың атымен танымал Starlink интернеті Қазақстан азаматтары үшін заңды түрде қолжетімді болады, деп хабарлайды Shalqar.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік пен SpaceX-тің еншілес компаниясы — Starlink арасында спутниктік интернетті ресми түрде іске қосу жөнінде келісімге қол қойылған. Бұл келісім шалғай және байланыс қиын аудандарды сапалы интернетпен қамтамасыз етудің тың жолы болмақ.
“Бұған дейін Starlink тек мектептерде пилоттық режимде жұмыс істеген. Енді халық үшін де заңды түрде қолжетімді болады”, — делінген министрлік мәлімдемесінде.
Жобаның толық іске қосылуы үшін Starlink терминалдарды сату және тіркеу жұмыстарын бастайды. Арнайы құрылғылар арқылы пайдаланушылар жоғары жылдамдықты интернетке тікелей қосыла алады.
Назар аударыңыз! Бұған дейін Starlink-ті заңсыз пайдаланғандарға айыппұл салынатыны ескертілген болатын. Енді жаңа келісім аясында компания Қазақстан заңнамаларына толық сәйкес жұмыс істемек.
Айыппұл мөлшері қандай болған?
• Жеке тұлғаларға – 5 АЕК (шамамен 19 660 теңге);
• Жеке кәсіпкерлерге және шағын бизнеске – 20 АЕК (78 640 теңге);
• Орта және ірі бизнеске – 40-80 АЕК (157 280 – 314 560 теңге).
Министр Жаслан Мадиевтің айтуынша, жыл соңына дейін барлық техникалық және құқықтық жұмыстар аяқталып, азаматтар ресми түрде Starlink-ке қосыла алады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

1600-den asa jädiger. Öner mwrajayı aşıldı

1600-دەن اسا جادىگەر. ونەر مۇراجايى اشىلدى

Елімізде қанша ер адам бала күтіміне байланысты демалыста отыр
Последние новости

Elimizde qanşa er adam bala kütimine baylanıstı demalısta otır

ەلىمىزدە قانشا ەر ادام بالا كۇتىمىنە بايلانىستى دەمالىستا وتىر

Сколько мужчин в Казахстане берут отпуск по уходу за ребенком