Автор: ADMIN
Си Цзиньпин Орталық Азияға 1,5 млрд юань бөлмек – Қытайдан қайтарымсыз көмек
Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитінде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Орталық Азия елдеріне 1,5 миллиард юань көлемінде қайтарымсыз грант бөлетінін мәлімдеді. Бұл – қазіргі бағаммен 108 миллиард теңгеден астам қаражат, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қытай басшысы бұл көмек халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жобаларды қолдауға жұмсалатынын айтты.
«2025 жылы Орталық Азия елдеріне 1,5 млрд юань көлемінде қайтарымсыз грант беруге дайынбыз», – деді Си Цзиньпин саммит барысында.
Грант 5 елге беріледі және тұрақты даму бастамаларын жүзеге асыруға көмектеседі.
Сонымен қатар, Қытай 2 жыл ішінде Орталық Азия елдерінен 3 мың адамға кәсіби дайындық курстарын тегін ұсынуға ниетті.
Бұл саммит барысында Қытай мен Орталық Азия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Атап айтқанда, Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы орталығы өңірлік сауда хабы ретінде жаңғыртылмақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Даже безработный обязан платить алименты
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı