Автор: ADMIN
«Балалар үшін бір күн емес — мәні бар мереке»: 1 маусым ресми мейрам бола ма?
Қазақстанда 1 маусым – «Балаларды қорғау күні» мемлекеттік мереке ретінде ресми түрде бекітілуі мүмкін. Бұл жаңалық көптеген ата-аналар мен педагогтар арасында қуанышпен қабылданды. Себебі бұл күн – жай ғана балалардың мерекесі емес, олардың қауіпсіздігі мен бақытты балалық шағын қорғауға арналған маңызды күн, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бұл ұсынысқа оң көзқарас білдіріп, Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берді.
«Елімізде отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында 1 маусым – "Балаларды қорғау күнін" мемлекеттік мереке ретінде белгілеуді мүмкін деп санаймыз.», – деді министр.
Балалар үшін бұл күн – тек демалыстың бастауы емес. Бұл – шексіз шаттық, еркіндік пен көңілді сәттердің символы. Ата-аналар бұл күні балаларын саябаққа, ойын орталықтарына апарып, отбасылық жылулықты сезіндіруге тырысады. Мұндай орта – бала үшін қауіпсіздік пен махаббатты сезінетін ерекше атмосфера.
Министрлік бұл күнді ресми мереке ретінде бекітуді отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен қоғамдағы балаға деген жауапкершілікті арттырудың бір жолы деп бағалайды.
Егер бұл бастама жүзеге асса, Қазақстанда балаларды қорғау күні алғаш рет мемлекеттік деңгейде аталып өтілуі мүмкін.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Milan–Kortina Paralimpiadası: qazaqstandıq sportşılar finalğa ötti
Жанабыловтар ісі сотқа жолданды
ميلان–كورتينا پاراليمپياداسى: قازاقستاندىق سپورتشىلار فينالعا وتتى
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд