Білім

Автор: ADMIN

Білім

Следуй за нами

167

Қазақстанның үш университеті алғаш рет әлемдік рейтингке енді – бұл тек бастамасы!

news single

Қазақстан жоғары білім беру саласында тағы бір тарихи кезеңге қадам басты: еліміздің үш жоғары оқу орны алғаш рет беделді QS World University Rankings 2026 рейтингіне енді. Бұл тек ұлттық емес, халықаралық деңгейдегі үлкен жетістік, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, биыл Қазақстаннан QS рейтингіне 20 университет енген. Олардың ішінде Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Шәкәрім университеті – алғаш рет тізімде.

Бұл – өңірлік университеттердің де әлемдік білім аренасына шыға алатынын дәлелдейді.

Сонымен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алғаш рет жұмыс берушілер арасындағы бедел көрсеткіші бойынша әлемнің үздік 100 университетінің қатарына енген.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен тағы 5 ЖОО – оқытушылар мен студенттер арақатынасы бойынша топ-100 ішінде.

Тағы бір қуанышты жаңалық: Abai University 628-орынға көтеріліп, өткен жылмен салыстырғанда бірден 43 сатыға жоғарылаған.

Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Қазақстан университеттері ғылыми-зерттеу белсенділігі, халықаралық байланыс және түлектердің мансаптық келешегі сынды маңызды бағыттар бойынша үнемі алға жылжып келеді.

QS вице-президенті Бен Саутер:

«Қазақстан университеттері көптеген көрсеткіш бойынша оң серпін көрсетіп отыр. Олар жаһандық деңгейге шығуға дайын екенін дәлелдеуде».

Бүгінде Қазақстан Азия елдері арасында QS рейтингіне енген университеттер саны бойынша 10-орында тұр. Көшбасшылар тізімінде – Қытай (72), Үндістан (54) және Жапония (47).

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться