Автор: ADMIN
Астана мен Бурабайды жалғайтын жаңа электр пойызы жолға шығады!
Жаздың аптабында демалыс күндерін Бурабайда өткізгісі келетін жолаушыларға жақсы жаңалық! Шілде айының басында «Астана – Бурабай курорты» бағыты бойынша жаңа, заманауи электр пойызы қатынай бастайды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, бұл жоба жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Жаңа пойыз – жай ғана көлік емес, жолаушының жайлылығы мен қауіпсіздігіне баса мән берген жаңа буын құрам.
Не ерекше?
• Пойыз алты вагоннан тұрады, 374 жолаушыға арналған.
• Бірінші, екінші және үшінші класты нұсқалары бар.
• Әр класта биодәретханалар орнатылған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабиналар да қарастырылған.
• Платформалық көтергіштер және автоматты аяқ тіректері – егде жастағылар мен балалармен жүрген отбасыларға ыңғайлы.
• Барлық орындарда USB қосқыштары бар – құрылғыларды қуаттау үшін.
• Салонда салқын сусындар мен жеңіл тағамдар ұсынылады.
Қазіргі уақытта құрам барлық техникалық сынақтардан өтіп, Кеден одағы регламенттеріне сай құжаттарын рәсімдеп жатыр. Жақын күндері жаңа пойыз толық іске қосылады.
Айта кетейік, бұған дейін осыған ұқсас Comfort+ форматындағы пойыз Астана – Қарағанды бағыты бойынша іске қосылған болатын. Ол 576 жолаушыға арналған еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
شىمكەنتتە بالالارعا بەرىلەتىن بىرجولعى الەۋمەتتىك كومەك جىل سوڭىنا دەيىن تولەنەدى
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo