Автор: ADMIN
Пәтер сатып аларда алданып қалмау үшін: Қазақстанда үлескерлерге арналған қолдау орталығы ашылады
Енді қазақстандықтар пәтер аларда заңға қайшы компаниялардың құрбаны болмауы үшін арнайы орталықтан кеңес ала алады. Астанада өткен жиында жаңа бастама – Үлескерлерді қолдау орталығы құрылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты құрылыс саласын дамыту басқармасының басшысы Ерлан Күлішев мәлім етті.
“Жаңа заң жобасы аясында тұрғын үй құрылысындағы қауіп-қатерді азайту көзделіп отыр. Құрылыс комитеті жанынан құрылатын бұл орталық азаматтарға тұрғын үйді қауіпсіз сатып алу жөнінде кеңес береді. Сонымен қатар құрылыс компаниясының рұқсаты бар ма, кепілдігі рәсімделген бе – осы мәліметтер де орталықта қолжетімді болады”, – деді Күлішев.
Сонымен бірге, енді мердігерлерге берілетін аванстық төлем лимиті де артады. Егер банк тарапынан кепілдік болса, шекті мөлшер 25%-дан 50%-ға дейін ұлғаяды.
Жиын барысында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері, құрылыс нарығындағы проблемалар және кепілдік рәсімдерін жеңілдету жайы да талқыланды. Басқосуға мемлекеттік органдар, құрылыс компаниялары мен бизнес өкілдері қатысты.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı