Білім

Автор: ADMIN

Білім

Следуй за нами

33

Магистратура – 2025: жаңа талаптар, маңызды мерзімдер және шет тілі сертификаты қандай артықшылық береді?

news single

2025 жылы магистратураға түсуге ниетті жастар үшін маңызды кезең басталды. Қазақстанда кешенді тестілеуге өтініштер қабылдау 1 маусымнан басталып, 8 шілдеге дейін жалғасады. Тіркеу тек онлайн жүргізіледі – app.testcenter.kz платформасы арқылы.

Кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Қатысу құны – 14 693 теңге, төлем онлайн төленеді, тек төлем жасалған соң ғана өтініш тіркеуге алынады.

Бейінді магистратура: қысқа мерзім, нақты талап
 • Оқу мерзімі: 1–1,5 жыл
 • Тест құрылымы: тек 1 бөлім – бейінді пәндер бойынша
 • 1-пәннен – 30 сұрақ (бір дұрыс жауап)
 • 2-пәннен – 20 сұрақ (бірнеше дұрыс жауап)
 • Жалпы балл: 70
 • Тест уақыты: 100 минут
 • Шекті балл:
 • Әр пәннен – кемінде 7 балл
 • Жалпы – кемінде 30 балл (грант немесе ақылы оқуға қатысу үшін)

Ғылыми-педагогикалық магистратура: 3 бөлім, жоғары шектеу
 • Оқу мерзімі: 2 жыл
 • Тест құрылымы:
 1. Шет тілі
 2. Оқуға дайындығын анықтайтын тест
 3. Бейінді пәндер бойынша тест
 • Жалпы тапсырма саны: 100
 • Тест уақыты: 3 сағат 55 минут
 • Шекті балл:
 • Шет тілі – кемінде 25 балл
 • Оқу дайындығы – кемінде 7 балл
 • Әр бейінді пәннен – кемінде 7 балл
 • Жалпы – 75 балдан төмен болмауы керек

Халықаралық шет тілі сертификаты бар ма? Артықшылық бар!

TOEFL, IELTS секілді халықаралық сертификаты бар талапкерлер шет тілі тестінен босатылады – тек ғылыми-педагогикалық бағытта және қалауы бойынша. Бұл – уақыт пен күшті үнемдейтін маңызды мүмкіндік.

8 шілдеге дейін тест тапсыратын қаланы, білім беру бағдарламасын, тілін өзгертуге болады. Бірақ тіркеу жабылғаннан кейін өзгеріс енгізілмейді. Ал нақты тест уақыты мен орны 14 шілдеден бастап жеке кабинетте көрсетіледі.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться