Автор: ADMIN
2027 жылға дейін барлық ауыл интернетке қосылады

2027 жылға дейін Қазақстандағы барлық ауылдық елді мекендер кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Сенатта өткен жиында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қазіргі таңда ел аумағында 6 мыңнан астам ауыл бар. Соның ішінде 4850 ауыл ғана интернетке қосылған. Ал 1049 елді мекен әлі күнге дейін байланыс аясынан тыс жатыр. Бұл ауылдарда шамамен 200 мыңға жуық адам тұрады.
Осы мәселені шешу мақсатында “Қолжетімді интернет” жобасы қолға алынған. Жоспар бойынша жоба 2027 жылға дейін толық жүзеге асады. Нәтижесінде ауыл тұрғындары қарапайым анықтама алу үшін қалаға сабылмай-ақ, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде қолдана алады.
“Қазірдің өзінде кейбір ауылдарда 3G бар болғанымен, интернет жылдамдығы өте төмен. Жоба осыны да шешуді көздейді. Сонымен қатар республикалық жолдардың бойындағы мобильді байланысты жақсарту үшін кемінде 387 байланыс бағанасы орнатылады. Бұл бастамаға 120 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылмақ”, – деді Досжан Мұсалиев.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Қызылордада жаңа форматтағы заманауи мектеп есігін ашты

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы жаңа межеге жетті
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет