Автор: ADMIN
Павлодарда апаттан кейін төтенше жағдай жариялануы мүмкін: бір адам қаза тапты, жүздеген нысан бүлінді
Павлодар облысында болған алапат дауылдан кейін үш қала мен екі ауданда төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, дауылдың екпіні секундына 43 метрге дейін жетіп, аймаққа елеулі залал келтірген. Қазіргі есеп бойынша, 297 нысан бүлінген. Апат салдарынан 18 адам түрлі жарақат алған, өкінішке қарай, бір адам көз жұмды.
Энергия жүйелері де үлкен шығынға ұшырады. Баянауыл мен Ақсу қалаларында электр қуаты әлі толық қалпына келтірілмеген. Қазіргі уақытта:
• Ақсу қаласының маңында шамамен 5 мың абонент жарықсыз отыр;
• Құлакөл ауылында – 45 абонент;
• Сұлужон мен Майкөбе елдімекендерінде – 115 абонент жарыққа қол жеткізе алмай отыр.
Апат салдарын жою жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Жергілікті билік тұрғындарға қолдау көрсетіп жатыр. Төтенше жағдай жариялау мәселесі қазір қаралып жатыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire
تجم: بيىل سۋعا كەتكەندەردىڭ كوبى تىيىم سالىنعان جەردە كوز جۇمعان
TJM: Biıl suğa ketkenderdiñ köbi tıyım salınğan jerde köz jwmğan
Последние новости
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire