Автор: ADMIN
Қаланы тасқыннан қорғайтын қалқан: Атырауда алып бөгет салынып жатыр
Атырау облысында су тасқынының алдын алуға бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Жайық өзенінен Каспий теңізіне дейін созылатын Соколок каналы бойына ұзындығы 33 шақырымдық алып бөгет тұрғызылуда, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жобаның басты мақсаты – көктемгі тасқын кезінде Жайық өзенінен ағатын артық суды Атырау қаласына кіргізбей, бірден Каспийге бұру. Бөгеттің биіктігі – 3 метр, ені – 6 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, канал арнасы 15-тен 50 метрге дейін кеңейтіліп, түбі 2 метрге тереңдетілген.
«Бұған дейін канал болғанымен, артық суды ұстап қалатын бөгет болмаған еді. Құрылыс 1 наурызда басталды, желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр. Қазір 25 техника мен 57 маман тәулік бойы жұмыс істеуде», – дейді жобаның жетекшісі Нұрлан Нұрбаев.
Жақын маңдағы шаруалар жаңа бөгетке риза. Өйткені бұрын көктем сайын шабындық пен мал жайылымдарына қауіп төнетін. Енді бұл тәуекел жойылады. Құрылыс жұмыстарын «Строй Статус КЗ» ЖШС жүзеге асыруда.
Айта кетейік, Соколок каналының жалпы ұзындығы – 43,6 шақырым. Оның үштен екі бөлігі қазір қайта жаңартылып жатыр. Бұл – тек инженерлік емес, әлеуметтік маңызы да зор бастама.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Мы не допустим резкого роста цен на бензин – министр энергетики
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki
Последние новости
Benzin bağasınıñ kürt ösuine jol bermeymiz – Energetika ministri
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki