Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2025-06-23 00:09:00

Следуй за нами

65

800 миллиард теңге әлеуметтік қолдауға бағытталады – Жұманғарин

news single

Қазақстанда зейнетақылар, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер айтарлықтай көбейеді. Бұл туралы 23 маусымда өткен Сенат отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Министрдің айтуынша, бұл мақсатқа бюджеттен шамамен 800 миллиард теңге бөлінеді.

“Зейнетақыларды, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді индексациялауға біз шамамен 800 миллиард теңге қарастырдық. Бюджет оны көтере алады, сондықтан әлеуметтік жағынан осал топтар үшін аса үлкен күйзеліс болмайды деп ойлаймын”, – деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ министр бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін салық салынбайтын табыс көлемі 289 мың теңгеден 1,6 миллион теңгеге дейін ұлғайтылғанын атап өтті. Бұл шешім 350 мың салық төлеушіге 12 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұған қоса, Жұманғарин қосымша құн салығы 2026 жылдан бастап 20%-ға өсетінін, осыған байланысты кәсіпорындардың өнім мен қызмет бағасын алдын ала көтеріп үлгергенін айтты. Қазірдің өзінде азық-түлік 9,6%-ға, қызметтер 15-16%-ға қымбаттаған.

Дегенмен, министр үкіметтің қызмет көрсету саласындағы бағаның өсуін тежеуге күш салып жатқанын атап өтті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться