Автор: ADMIN
Еуропа Қазақстанға сенім білдірді: еліміз тарихи Конвенцияға қосылады

Қазақстан Еуропа кеңістігіндегі қылмысқа қарсы ынтымақтастық жүйесіне ресми түрде қадам басты. 2025 жылғы 18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті еліміздің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенцияға қосылу өтінімін мақұлдады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл бастамаға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жетекшілік етті. Енді еліміз 46 еуропалық мемлекетпен қылмыстық істер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге, дәлелдемелер алмасуға және шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға толыққанды мүмкіндік алады.
«Мұндай шақыртуды алу – Қазақстанның қылмыстық құқықтық жүйесіне, оның ішінде заң үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына еуропалық қауымдастық тарапынан сенімнің белгісі және қазақстандық прокурорлар мен дипломаттардың көпжылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі болып табылады», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Бұл қадам “Заң мен Тәртіп” тұжырымдамасына толық сәйкес келеді және еліміздің халықаралық құқықтық серіктестігін жаңа деңгейге көтермек. Енді Қазақстан әрбір елмен жеке шарт жасамай-ақ, барлық тараптармен құқықтық көмек механизмін бір мезгілде іске қоса алады.
Айта кетейік, Қазақстан бұл Конвенцияға қосылу үшін 20 жылдан астам уақыт бойы әрекет етіп келген. Бұрынғы өтінімдер кейбір Еуропа елдерінің қарсылығына байланысты қабылданбай келген еді. Осы жолы халықаралық қауымдастық еліміздің реформалары мен заңнамалық жүйесіне сенім артты.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Atırauda 23 jastağı fel'dşer qaqtığıs kezinde qaza taptı

Qızılordada jaña formattağı zamanaui mektep esigin aştı

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет