Автор: ADMIN
Алматы қаласы Кәсіподақ орталығында оқыту семинары өтті
Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалогты дамыту» Жобасы аясында Алматы қаласы Кәсіподақ орталығында оқыту семинарын өткізді
Шара «Қоғамдық бақылау туралы» Заңына, азаматтық қоғам мен жергілікті билік арасындағы әрекеттестік мәселелеріне арналды.
Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Жаңыл Әпетова семинарды ашып, жоба аясындағы іс-шаралармен таныстырды. Білікті заңгер, PhD докторы Роза Ережепқызы Азаматтық қоғам мен жергілікті билік арасындағы өзара әрекеттестіктің заманауи құралдары туралы баяндап, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңға шолу жасады.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері Марат Калимолдин, Ермек Қожамсүгіровтер азаматтық қоғам мен биліктің диалогы механизмдеріне қатысты ойларын ортаға салды.
Қаладағы мекемелер мен ұйымдар кәсіподақтарының басшылары жұмыс барысында кездесетін келелі мәселелерді ортаға сала отырып, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңының азаматтарға беретін мүмкіндіктерін атап өтті.
Жиын барысында алдағы уақытта азаматтарды оқыту-семинарлары жалғасатыны айтылды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматыда шетелдік азаматтар террорлық акт жасамақ болған
Пять иностранцев планировали теракт в Алматы
بريۋسسەلьدەگى تانىمال مۇسىنگە قازاقتىڭ شاپانى كيگىزىلدى
Последние новости
Almatıda şeteldik azamattar terrorlıq akt jasamaq bolğan
الماتىدا شەتەلدىك ازاماتتار تەررورلىق اكت جاساماق بولعان
Пять иностранцев планировали теракт в Алматы