Автор: ADMIN
«Amanat» партиясы «Жастар рухы» жастар қанаты мүшелері үшін оқыту семинары өтті
Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалогты дамыту» Жобасы аясында «Amanat» партиясы «Жастар рухы» жастар қанаты мүшелері үшін оқыту семинарын өткізді.
Шара «Қоғамдық бақылау туралы» Заңына, азаматтық қоғам мен жергілікті билік арасындағы әрекеттестік мәселелеріне арналды.
Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Жаңыл Әпетова семинарды ашып, жоба аясындағы іс-шаралармен таныстырды. Білікті заңгер, PhD докторы Роза Ережепқызы Азаматтық қоғам мен жергілікті билік арасындағы өзара әрекеттестіктің заманауи құралдары туралы баяндап, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңға шолу жасады.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері Марат Калимолдин, Ермек Қожамсүгіров және Болат Құрымбаевтар азаматтық қоғам мен биліктің диалогы механизмдеріне қатысты ойларын ортаға салды.
Қаладағы «Amanat» партиясы «Жастар рухы» жастар қанаты мүшелері жұмыс барысында кездесетін келелі мәселелерді ортаға сала отырып, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңының азаматтарға беретін мүмкіндіктерін атап өтті.
Жиын барысында алдағы уақытта азаматтарды оқыту-семинарлары жалғасатыны айтылды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматыда шетелдік азаматтар террорлық акт жасамақ болған
Almatıda şeteldik azamattar terrorlıq akt jasamaq bolğan
بريۋسسەلьدەگى تانىمال مۇسىنگە قازاقتىڭ شاپانى كيگىزىلدى
Последние новости
Almatıda şeteldik azamattar terrorlıq akt jasamaq bolğan
الماتىدا شەتەلدىك ازاماتتار تەررورلىق اكت جاساماق بولعان
Пять иностранцев планировали теракт в Алматы