Автор: ADMIN
Алматыда “ақылды” камералар жүргізушіні әшкерелейді: агрессия да назардан тыс қалмайды
1 шілдеден бастап қалада жүргізушінің әр қадамын бақылайтын жоғары технологиялы бақылау жүйесі іске қосылды. Жаңа камералар тек жол ережелерінің бұзылуын ғана емес, көлік жүргізу мәдениетін де бағалайды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл жүйе жасанды интеллект пен нейрожелілерге сүйенеді. Енді камералар мынадай бұзушылықтарды анықтай алады:
• Агрессивті және қауіпті жүргізу;
• Жол ауыстырғанда сигнал қоспау;
• Қарсы бағытпен жүру;
• Кенет жылдамдық өзгерту;
• Сақтандыру полисінің жоқтығы;
• Жалған немесе жасырулы нөмірлер;
• Айыппұлын төлемеген жүргізушілер.
Жүйе барлық деректі ҚР ІІМ бірыңғай базасына жібереді. Егер жүргізуші ережені жиі бұзса — автоматты түрде бақылауға алынады және полицияға хабарланады. Жол қозғалысы нақты уақытта бақыланады, камералар енді тек “қарап қоймай”, сараптай да алады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı