Автор: ADMIN
Жалған хабарламалар көбейді: Қаржыңызды бөтендерге жібермеңіз!
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға алаяқтардың әрекеті жиілегенін ескертіп, сақ болуға шақырды. Соңғы уақытта ведомство басшылығының атынан жіберілетін жалған хабарламалар WhatsApp және Telegram желілері арқылы жиі тарап жатыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Комитеттің ресми Telegram арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, хабарламаларда жалған сілтемелер мен ақша аудару талаптары кездеседі. Бұл — интернет-алаяқтардың қулығы.
Мемлекеттік кірістер комитеті төмендегідей кеңестер береді:
• Күмәнді хабарламаларға сенбеңіз;
• Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз;
• Жеке тұлғаларға ақша аудармаңыз;
• Хабарламалардың шынайылығын тексеріңіз.
Сақтықта қорлық жоқ — тексерілмеген ақпаратқа сеніп, қаржылық қауіпке ұрынбаңыз.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo