Автор: ADMIN
Ақтаудағы фестивальден түсірілген фото The Guardian-да үздік сурет ретінде жарияланды
Ұлыбританияның беделді басылымы — The Guardian газеті Ақтауда өткен “Даламен үндес баба өнер” фестивалінде түсірілген әсерлі фотосуретті өз сайтына жариялады. Сурет “Күннің үздік фотосы” айдарында шыққан, деп хабарлайды Shalqar.kz Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл фото әлемнің түкпір-түкпірінен келіп түскен мыңдаған суреттің ішінен арнайы редакция алқасының іріктеуінен өтіп, үздіктер қатарынан табылған. Автор — түркиялық фотосуретші Элькин Эскипехливан.
Фестиваль аясында қолөнер шеберлері ұлттық мәдениетті паш етіп, жәрмеңке, көрме және шеберлік сағаттары ұйымдастырған болатын.
Мақсат – қазақтың дәстүрлі өнерін дәріптеп, болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo
В Алматы с 27 по 31 октября временно отключат электричество
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo