Автор: ADMIN
Қазақстанда тұңғыш рет модульдік құтқару бекеті іске қосылды
Петропавлда елдегі алғашқы модульдік құтқару станциясы ашылды. Бұл бастама Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Станция Есіл өзенінің жағасында орналасқан және тәулік бойы жұмыс істеуге бейімделген. Мұнда құтқарушылар үшін барлық жағдай жасалған: жұмыс аймағы, демалыс бөлмесі, ас үй, қосалқы бөлме. Ғимарат энергия үнемдейтін материалдардан салынып, электрлік жылыту жүйесімен жабдықталған.
Су айдынына жедел жету үшін арнайы пирс пен баспалдақ орнатылған. Жаңа станция Есілдің жағалауын, автомобиль көпірі мен су электр кешенін бақылайды.
Министрдің айтуынша, бұл — пилоттық жоба және болашақта өзге аймақтарда да енгізілуі мүмкін. Жыл басынан бері СҚО құтқарушылары 1200-ден астам рет шақыртуға шығып, 135 адамды құтқарып қалған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo