Автор: ADMIN
Онлайн несиеге тосқауыл: Жаңа шектеулер алаяқтардан қорғай ала ма?
Қазақстанда онлайн несие рәсімдеуге қатысты ережелер қатаңдатылмақ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа қаулы жобасын әзірлеп, оны көпшілік талқысына ұсынды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жобаға сәйкес, егер кепілсіз онлайн несие сомасы 150 АЕК-тен (шамамен 690 мың теңге) асып кетсе, ақша келісімшартқа қол қойылғаннан кейін бірден емес, 24 сағаттан кейін беріледі. Қаражат тек eGov сияқты платформалар арқылы клиент растау жасаған соң аударылады.
Сондай-ақ, «суыту кезеңі» енгізіледі. Егер азамат бір күн ішінде бірнеше несие рәсімдеп, жалпы сома 150 АЕК-тен асса, банк немесе МҚҰ қосымша несие беруге тыйым салады.
Ал ірі несие рәсімдейтіндер, сондай-ақ 21 жасқа дейінгі және 55 жастан асқан азаматтар тек банкке немесе МҚҰ-ға келіп, келісімге жазбаша түрде қол қоюы қажет.
Сонымен бірге, банктік омбудсмен болғысы келетіндер қазақ тілін B2 деңгейінде меңгергенін ҚАЗТЕСТ арқылы дәлелдеуге тиіс.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
شىمكەنتتە بالالارعا بەرىلەتىن بىرجولعى الەۋمەتتىك كومەك جىل سوڭىنا دەيىن تولەنەدى
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo