Автор: ADMIN
Қытайда “Үздік актер” атанған отандық жұлдыз
Қытайда өткен ШЫҰ халықаралық кинофестивалінде отандық актер Бақыт Қажыбаев “Үздік актер” атағына ие болды. Бұл мәртебелі марапат оған “Набат операциясы” фильміндегі басты рөлі үшін берілді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
6 шілде күні Чунцин қаласында өткен фестивальдің жабылу салтанатында қазақстандық кино өнері тағы бір биікке көтерілді. Фестивальде ШЫҰ елдері әрқайсысы екі толықметражды фильм ұсынған болатын. “Алтын камелия” байқау бағдарламасына енген “Набат операциясы” – 1992 жылғы елімізде болған шынайы оқиға негізінде түсірілген. Онда автобустағы 30 адамды кепілге алған лаңкестерге қарсы арнайы операция сәтті аяқталады.
Бақыт Қажыбаев бұл марапат тек өзінің емес, бүкіл шығармашылық ұжымның жеңісі екенін айтып, көрермендерге алғыс білдірді. Аталған фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен “Қазақфильм” киностудиясында түсірілген.
Фестивальге ұсынылған тағы бір қазақстандық туынды – Дархан Төлегеновтің “Ағайындылар” драмасы да назар аудартты. Бұл фильм бұған дейін 15-тен астам халықаралық марапатқа ие болған, оның ішінде Spirit of Cinema Award жүлдесі де бар.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
«Палау орталығындағы» өрттен қаза тапқандар саны 11-ге жетті
چيسلو پوگيبشيح پري پوجارە ۆ «پالاۋ ورتالىعى» دوستيگلو 11
V Italii otkrılis' XIV zimnie Paralimpiyskie igrı
Последние новости
«Palau ortalığındağı» örtten qaza tapqandar sanı 11-ge jetti
«پالاۋ ورتالىعىنداعى» ورتتەن قازا تاپقاندار سانى 11-گە جەتتى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11