Автор: ADMIN
Суперкомпьютер – Қазақстан цифрлануының жаңа дәуірі басталды

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығы ресми түрде іске қосылды. Салтанатты рәсімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бұл жобада жаңа буындағы NVIDIA H200 графикалық процессорлар қолданылған, деп хабарлайды Shalqar.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Цифрлық даму министрлігі мен халықаралық серіктестер бірлесіп іске қосқан дата-орталық Орталық Азия бойынша есептеу қуаты жағынан ең қуатты жүйе саналады – суперкомпьютер FP8 форматында 2 экзафлопсқа дейінгі жылдамдықпен есептей алады. Президент бұл бастаманың еліміздің барлық негізгі салаларын цифрландыруға серпін беретінін атап өтті.
Жаңа суперкомпьютерді стартаптар, ғылыми орталықтар, университеттер мен мемлекеттік мекемелер пайдалана алады. Мұнда жасанды интеллектке арналған ірі жобалар таныстырылды:
• SmartCity Astana – жасанды интеллект негізінде 100 мыңнан астам бейнекамера орнатылып, елорданың цифрлық нұсқасы жасалады.
• AlemLLM – қазақ тіліне бейімделген жоғары дәлдіктегі ірі тілдік модель.
• AI Kitap – әр оқушыға жеке білім беру платформасы.
• Baspana Hub – үй іздеуден бастап жөндеу жұмыстарына дейінгі қызметтерді біріктіретінлл цифрлық тұрғын үй платформасы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Wlttıq elektrondı kitaphanağa swranıs kürt arttı — 44% ösim

ديماشتىڭ 75 انى ارگەنتينا راديوسىندا شىرقالۋدا
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى