Автор: ADMIN
Қытай Қазақстанда үшінші АЭС салады: Үкімет нақты қадамдарға кірісті

Қазақстанда салынып жатқан үшінші атом электр станциясының құрылысын Қытай компаниясы жүзеге асырады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Склярдың айтуынша, станцияның нақты құны жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме дайын болған соң белгілі болады. Әзірге нақты баға немесе келісімнің егжей-тегжейі жарияланбай отыр, өйткені бұл мәселе ресейлік тараппен әлі талқылану үстінде. Кейін келісім парламентте ратификациядан өтіп, заңды күшіне енеді.
Роман Скляр үшінші АЭС-ті де екінші станция сияқты Қытай компаниясы салатынын нақтылады. Бірақ нысанның нақты қай өңірде бой көтеретіні әлі айтылған жоқ. “Атом энергетикасы агенттігі” орналасатын аумақты анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Болашақ станция үшін су көзі мен қуатты тарататын инфрақұрылым өте маңызды. Оның айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін жаңа АЭС-тің қайда салынатыны ресми түрде хабарланады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

دجەننيفەر لوپەس استاناداعى كونتسەرتىندە تىڭدارمانداردى تانتى ەتتى

Tramp Qazaqstanğa 25% kedendik baj salığın engizdi

Djennifer Lopes Astanadağı koncertinde tıñdarmandardı tänti etti
Последние новости

Djennifer Lopes Astanadağı koncertinde tıñdarmandardı tänti etti

دجەننيفەر لوپەس استاناداعى كونتسەرتىندە تىڭدارمانداردى تانتى ەتتى

Qazaqstanda şeteldik jwmısşılardı tartu tärtibi özgermek