Автор: ADMIN
Трамп Қазақстанға 25% кедендік баж салығын енгізді
АҚШ президенті Дональд Трамп ондаған мемлекетке қатысты жаңа кедендік баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл елдер қатарында Қазақстан да бар. Жарлыққа сәйкес, елімізден келетін тауарларға 25% көлемінде баж салығы салынбақ, деп хабарлайды Shalqar.kz.
АҚШ үкіметі жариялаған тізімге барлығы 69 ел мен аумақ, сонымен қатар Еуроодақ елдері енгізілген. Бұл шешім Трамптың жаңа сауда шарттарын жасасуға қойған соңғы мерзімімен байланысты. Қазақстанмен қатар, ең жоғары баж салығы Сирия (41%), Лаос және Мьянма (40%) елдеріне белгіленген.
Айта кетейік, Канадаға қатысты баж салығы 25%-дан 35%-ға дейін көтерілді. Алайда бұл салықтар USMCA келісіміне кіретін өнімдерге әсер етпейді. Сонымен бірге, тауарды үшінші ел арқылы АҚШ-қа тасымалдап, баж салығынан жалтаруға әрекет ету жағдайлары үшін де жеке бап қарастырылған – мұндай жағдайда 40% көлемінде жазалау салығы қолданылады.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы хат жолдап, елімізден әкелінетін барлық тауарларға 25% баж салығы енгізілетінін хабарлаған еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
AQŞ 30 qırküyekke deyin äskerin Iraktan tolıq şığaradı
SŞA polnost'yu vıvedut voyska iz Iraka do 30 sentyabrya
Последние новости
AQŞ 30 qırküyekke deyin äskerin Iraktan tolıq şığaradı
اقش 30 قىركۇيەككە دەيىن اسكەرىن يراكتان تولىق شىعارادى
SŞA polnost'yu vıvedut voyska iz Iraka do 30 sentyabrya