Автор: ADMIN
“Кендірлі” курортына әуежай салынады: Үкімет Маңғыстаудың туризмін түрлендіруге кірісті
Қазақстан Үкіметі 2025–2029 жылдарға арналған “Маңғыстау” туристік аймағын дамыту жоспарын бекітті. Жоба аясында 100-ден аса нақты іс-шара жоспарланып отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Құжат премьер-министр Олжас Бектеновтың қолымен бекітіліп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір туризмін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған.
Жоспар 9 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олардың қатарында инфрақұрылымды дамыту, логистика, цифрландыру, қауіпсіздік, кадр дайындау, инвестиция тарту секілді маңызды мәселелер қамтылған.
Айрықша көңіл Кендірлі курортына бөлініп отыр. Мұнда жолдар жөнделіп, жаңа әуежай салынады. Сондай-ақ электр, су, көлік қатынасы мәселелері шешімін табады.
Ақтауда халықаралық стадион мен теңіз вокзалы да салынбақ. Туристер легін көбейту үшін мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылып, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі.
Күтілетін нәтиже – ішкі туристер саны 520 мыңға дейін, шетелдік туристер – 143 мыңға дейін артпақ. Туризм саласындағы жұмыс орындары 2,7 мың адамға жетеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı