Автор: ADMIN
500 мың теңге грантпен тегін IT-оқу: Tech Orda жаңа легіне қабылдау басталды
Қазақстанда IT-маман болғысы келетіндерге үлкен мүмкіндік туып отыр: Tech Orda бағдарламасы аясында 500 000 теңгеге дейін грант берілетін жаңа курс легіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
18–45 жас аралығындағы азаматтар Astana Hub арқылы 2025 жылғы 3 қыркүйекке дейін өтініш бере алады. Биыл бағдарламаға 80 IT-мектеп қатысып, 160-тан аса бағыт бойынша оқыту жүргізіледі.
Бағдарлама қатысушыларына веб-әзірлеу, Big Data, мобильді қосымшалар, AR/VR, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект секілді сұранысқа ие салалар ұсынылады.
Министр Жаслан Мадиевтің айтуынша, бағдарлама мыңдаған адам үшін әлеуметтік сатыға айналып, Kaspi.kz, Halyk Bank, Air Astana сияқты компанияларға жол ашқан.
2024 жылы 3 465 грант бөлінсе, оның 1 000-ы мұғалімдерге арналған. Бағдарлама түлектерінің 88 пайызы жұмысқа орналасып, орташа жалақысы 505 000 теңгені құрап отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
Даже безработный обязан платить алименты
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı