Білім

Автор: ADMIN

Білім 2025-08-07 21:52:00

Следуй за нами

50

Мемлекеттік гранттар иегерлері белгілі болды: Биыл инженерлерге басымдық берілді

news single

2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биылғы гранттардың 60%-ы инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінді. Яғни, елімізде болашақ инженерлер мен технология саласының мамандарына ерекше мән беріліп отыр. Гранттар конкурс арқылы тағайындалып, 99%-ы игерілді.

 

«Серпін» бағдарламасы аясында оңтүстіктен келген жастарға ерекше мүмкіндік берілді. 2 мыңнан астам талапкер еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарындағы үздік ЖОО-ларға оқуға түседі.

 

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында биыл 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оған қоса, әлемдік деңгейдегі университеттермен серіктестік орнатқан отандық 20-ға жуық жоғары оқу орны талапкерлерді қабылдай бастады. Бұл қадам Қазақстанды өңірлік білім хабына айналдыруға бағытталған.

 

Биылғы грант конкурсына 113 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп. Сондай-ақ әлеуметтік осал топтар үшін заңнамада бекітілген квота жүйесі сақталған.

 

Дарынды жастар үшін халықаралық олимпиадалар мен спорт жарыстарының жеңімпаздарына конкурссыз грант беру де қарастырылған. Сонымен бірге, білімге қолжетімділікті арттыру үшін қосымша бағдарламалар іске қосылды.

 

Атап айтқанда, биылдан бастап «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесі енгізілді. Бұл жүйе арқылы 5 жасар балаға есепшот ашып, болашақ білім алуға капитал жинауға болады. Сонымен қатар, 2024 жылы алғаш рет сараланған гранттар енгізілді. Оның аясында мемлекет шығынның бір бөлігін ғана төлейді, ал қалғанын жеңілдетілген несие немесе жеке қаражатпен жабуға болады. 2025 жылы мұндай грант саны 300-ге жетпек.

 

Алғаш рет мерзімді әскери қызметте жүрген азаматтар үшін де 2010 грант бөлінді. Бұл шара әскерден кейін олардың бейімделуін жеңілдетіп, жоғары білім алуға мүмкіндік береді.

 

Грант иегерлері туралы толық ақпаратты мына сілтемелерден білуге болады:

📎 https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk

📎 https://t.me/gylym_jogary_bilim

📎 https://t.me/SayasatNurbek

📎 https://www.testcenter.kz

 

Грант туралы куәлік 3 жұмыс күні ішінде https://grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады. Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру 25 тамызға дейін жүргізіледі.

 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться