Автор: ADMIN
Қазақстанда бес жаңа кәсіби мереке бекітілді: Қолөнершіден кәсіпкерге дейін
Қазақстанда кәсіби сала мамандарына арналған жаңа бес мереке ресми түрде күнтізбеге енді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Министр бұйрығымен бекітілген өзгерістерге сәйкес, елімізде енді 74 кәсіби мереке болады. Жаңадан енгізілгендер қатарында:
• Қазақстанның қолөнершілер күні – 7 шілде,
• Табиғи монополия қызметкерлерінің күні – 9 шілде,
• Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күні – 15 қыркүйек,
• Қоғамдық тамақтандыру саласының қызметкерлері күні – 20 қазан,
• Қазақстанның кәсіпкерлер күні – 29 қазан.
Сондай-ақ, өзгерістерге сәйкес Энергетиктер күні қайтадан бұрынғы күні — 22 желтоқсанда аталып өтетін болды. Бұған дейін бұл мереке желтоқсанның үшінші жексенбісінде тойланатын еді.
Айта кетейік, еліміздегі мерекелер ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де болып бөлінеді. Ұлттық және мемлекеттік мерекелер ресми деңгейде атап өтіліп, демалыс күні болып белгіленеді. Ал кәсіби мерекелерде бұл қарастырылмағанымен, әр сала өз мамандарын құрметтеп, кәсіби жетістіктерін атап өтеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
Даже безработный обязан платить алименты
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı