Автор: ADMIN
Коммуналдық шығындар өседі: кімдерге мемлекет өтемақы төлейді?
2026 жылы Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері 20-30% аралығында өседі деп күтілуде. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, өсім күрт болмайды, ал ең бастысы – әлеуметтік әлсіз топтарды қолдаудың нақты тетіктері қарастырылған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ұлттық жобалар аясында тарифтерге салмақты азайту үшін субсидиялау жүйесі енгізіледі. Яғни, қызмет көрсету ұйымдарының несие шығындары мен негізгі қарыздар тарифке біртіндеп қосылады. Осы кезде республикалық бюджет есебінен пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігіне өтемақы беріледі – нақтырақ айтқанда, сыйақының 10%-ы ғана тұтынушыға жүктеледі, қалғанын мемлекет өтейді.
“Қазір бір бөлмелі пәтердің орташа коммуналдық төлемі шамамен 25 мың теңгені құрайды. Келесі жылы бұл сома 28-30 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін”, – деді Қосымбаев Үкімет брифингінде. Оның айтуынша, екі бөлмелі пәтер иелері 5–7 мың теңгеге артық төлеуі ықтимал.
Алайда мемлекет бұл өзгерістерге қарсы тұру үшін бірқатар қолдау механизмін ұсынып отыр. Атап айтқанда, аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлерге арналған тұрғын үй көмегі жалғасады. Тұтынушы арнайы өтініш берген жағдайда коммуналдық төлемдердің бір бөлігі мемлекет тарапынан өтеледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын жарияланған мәліметке сәйкес, егер коммуналдық төлемдер отбасының табысының 5%-ынан асып кетсе, артық соманы әкімдік өтейді. Бұл – әлеуметтік теңдікті сақтау мақсатындағы маңызды қадам.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
Брюссельдегі танымал мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
Последние новости
Bryussel'degi tanımal müsinge qazaqtıñ şapanı kigizildi
بريۋسسەلьدەگى تانىمال مۇسىنگە قازاقتىڭ شاپانى كيگىزىلدى