Автор: ADMIN
Талапкерлерге тағы бір мүмкіндік: 1 700-ден аса грант бөлінді

Елімізде жергілікті атқарушы органдар тарапынан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініш қабылдау басталды. Бұл мүмкіндік жоғары оқу орнына түсе алмаған талапкерлер үшін қосымша жол ашады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі. Биыл барлығы 1 729 грант қарастырылған. Ең көп грантты елорда әкімдігі бөліп отыр — 526 орын. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы — 299 грант, Шымкент қаласы — 285, Атырау — 265, Жамбыл облысы — 215, Абай облысы — 200, Түркістан — 180, Батыс Қазақстан — 128, Маңғыстау — 108, қалған аймақтар 100-ден аз грант бөлген.
Грантқа үміткерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге білім туралы құжат, ҰБТ сертификаты, жеке куәлік көшірмесі және жеңілдік санатын растайтын құжаттарын (бар болса) тапсыруы тиіс. Құжат қабылдау мерзімі туралы толық ақпаратты әкімдіктерден немесе ЖОО қабылдау комиссияларынан білуге болады. Грант иегерлерін арнайы комиссия анықтайды, ал студенттерді қабылдау 25 тамызда аяқталады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Nazım Qızaybay: Älem çempionatındağı kümis jülde iegeri

Махмуд Сабырхан принес Казахстану второе золото чемпионата мира
Последние новости

Qarağandı men Qazan universitetteri därigerlerdi birlesip dayarlaydı

قاراعاندى مەن قازان ۋنيۆەرسيتەتتەرى دارىگەرلەردى بىرلەسىپ دايارلايدى