Автор: ADMIN
Қазақстан іскерлік байланыстарды ұлттық мессенджерге көшіруі мүмкін
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте киберқауіпсіздік пен деректерді қорғау мәселесін көтеріп, іскерлік және қызметтік байланысты отандық мессенджерге көшіруді ұсынды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мемлекет басшысы нейрожелілердің дамуымен жаңа қауіптер пайда болғанын, оның ішінде адамның дауысын, бейнесін және мінез-құлқын айнытпай жасау мүмкіндігі азаматтардың жеке деректеріне, банк шоттарына қол жеткізуге жол ашатынын айтты.
Сондай-ақ президент биыл деректердің қолды болуына қатысты 40-тан астам жағдай тіркелгенін, ең ірі оқиға маусым айында болғанын атап өтті. Киберқауіпсіздік саласындағы функциялардың бөлінісі мен басқару жүйесінің бытыраңқылығы мемлекеттік органдардың әрекетін баяулататынын сынға алды.
Тоқаев қазіргі кезде іскерлік және жеке деректерді беру процесінің басым бөлігі шетелдік мессенджерлер арқылы жүзеге асатынын, бұл ұлттық заңнамаға қайшы келуі мүмкін екенін жеткізді. Ол қазақстандық Aitu мессенджерінің қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алатынын айтып, үкіметке барлық маңызды коммуникацияны ұлттық платформаға көшіруді пысықтауды тапсырды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
شىمكەنتتە بالالارعا بەرىلەتىن بىرجولعى الەۋمەتتىك كومەك جىل سوڭىنا دەيىن تولەنەدى
В Алматы с 27 по 31 октября временно отключат электричество
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo