Автор: ADMIN
Мектеп ауыстыру бұрын-соңды болмағандай оңайлады: ата-аналарға жаңа мүмкіндік
Қазақстанда енді оқушыларды бір мектептен екінші мектепке ауыстыру рәсімі жеңілдеді. Ата-аналар мен заңды өкілдер бұл қызметті eGov.kz порталы арқылы онлайн түрде жасай алады, деп хабарлайды Shalqar.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ата-ана тұрғылықты жеріне қарай немесе қалаған өзге білім ордасын таңдап, өтінішті электронды түрде бере алады. Енді есептен шығару қағазы, бекіту талондары немесе жеке іс құжаттарын жинаудың қажеті жоқ. Өтініш беруші оқу тілін өзі таңдап, қажет жағдайда өтінішін қайтарып ала алады.
Қызметті алу үшін eGov.kz порталында тіркеліп, “Білім” → “Орта білім” бөлімінен “Балаларды мектептен мектепке ауыстыру” қызметін таңдап, ЭЦҚ арқылы қол қою жеткілікті. Нәтиже Жеке кабинетте көрсетіледі.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo