ШОУ-БИЗНЕС

Автор: ADMIN

ШОУ-БИЗНЕС 2025-08-25 22:43:00

Біз әлеуметтік желілерде:

81

“Новая волна – 2025”: Қазақстандық өнерпаздар тарихта алғаш рет бас жүлдені жеңіп алды

news single

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас таланттар қатысқан “Новая волна – 2025” халықаралық байқауында қазақстандық әртістердің жұлдызы жанды. Биылғы додада қос бірдей отандасымыз үздіктер қатарынан табылды, деп хабарлайды Shalqar.kz

 

Байқаудың бас жүлдесін Александр Лим иеленді. Осылайша ол аталмыш фестивальде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық ретінде мәдениет тарихына енді. Ал үшінші орын жас орындаушы Ерназар Жұбанға бұйырды.

 

Еске сала кетейік, Ерназар Жұбан өткен жылы Витебскіде өткен “Славян базары” фестивалінде топ жарып, бірінші орынды қанжығасына байлаған болатын.

 

Ал Александр Лим көпшілікке әлеуметтік желідегі ерекше кавер-видеолары арқылы танымал. Ол түрлі тілдерде хит әндерді орындап, жүздеген мың көрерменнің ықыласына бөленген. Әнші бұған дейін “I’m a Singer Kazakhstan” жобасында жартылай финалға шықса, “Голос Украины” шоуында Надежда Дорофееваның командасында өнер көрсетіп, нокаут кезеңіне дейін жеткен еді.

 

Мәдениет және ақпарат министрлігі өнер иелерін құттықтап, жастардың халықаралық деңгейдегі жетістіктерін зор мақтанышпен атап өтті.

 

 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

img
Ұлттық құндылықтар 2026-01-14

WLTTIQ TÄRBIENİÑ OTBASINDAĞI MAÑIZI    

img
Ұлттық құндылықтар 2026-01-16

تاربيە دەگەن تاڭىر بار    

img
Ұлттық құндылықтар 2026-01-15

TÄRBIE NEGIZI – OTBASINDA

Последние новости

img
Ұлттық құндылықтар 2026-01-14

WLTTIQ TÄRBIENİÑ OTBASINDAĞI MAÑIZI    

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться