Автор: ADMIN
Алматыдан Токиоға алғаш рет тікелей әуе рейсі ашылады
2026 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан мен Жапонияны байланыстыратын жаңа әуе бағыты іске қосылады. Алматыдан Токиоға тікелей ұшатын рейс қолжетімді болмақ, деп хабарлайды Shalqar.kz
Бұл келісім Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Жапонияның сыртқы істер министрі Такеши Ивая арасындағы кездесуде мақұлданды. Әңгіме барысында “Air Astana” және “Japan Airlines” компанияларының серіктестігі аясында жаңа бағыт ашу туралы нақты шешім қабылданды. Сонымен қатар жапон әуе компанияларының транзиттік рейстеріне қазақстандық әуежайларда қызмет көрсету және логистикалық терминалдар салу мүмкіндігі талқыланды.
Кездесуде тек авиация мәселелері ғана емес, медицина саласындағы ынтымақтастық та қозғалды. Қазақстан жапондық заманауи технологияларды енгізіп, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ ерте хабарлау және тәуекелдерді мониторингтеу жүйелерінде тәжірибе алмасуға ниетті екенін жеткізді.
Айта кетсек, бұған дейін, 2025 жылы Қазақстаннан Германияға тікелей әуе рейсі ашылған болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Даже безработный обязан платить алименты
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı