Автор: ADMIN
Қазақстан мектептерінде алгебра мен геометрияны біріктіріп оқыту ұсынылды
Қазақстанда білім беру саласында жаңа тәжірибе қолға алынбақ. Мектеп бағдарламасындағы бірқатар пәндерді біріктіріп оқыту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz
Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пилоттық жобаның мән-жайын түсіндірді. Оның айтуынша, алдағы уақытта алгебра мен геометрия “Математика” пәні аясында біріктірілмек. Ал тарих пен құқық негіздері “Қоғамдық ғылымдар” сабағына топтастырылады.
“Көтерілген мәселе пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылады. Мамандардың ұсынысы бойынша алгебра мен геометрияға қатысты көптеген сұрақтар туындады”, – деді министр.
Бұл қадам халықаралық білім беру үрдістерімен де үндес. Пәнаралық оқыту арқылы оқушылардың материалды жеңіл қабылдауы, тақырыптардың қайталанбауы және оқу бағдарламасының тиімділігі артады деп күтілуде.
Министрдің айтуынша, өзгерістер бірден барлық мектепке енгізілмейді. Эксперимент алдымен 20 облыстың таңдаулы мектептерінде жүргізіледі. Нәтижелер сараланғаннан кейін ғана оны жалғастыру немесе бұрынғы жүйеге оралу туралы шешім қабылданбақ.
Сондай-ақ Ғани Бейсембаев бұл жоба мұғалімдердің жұмыс орнына әсер етпейтінін атап өтті. “Мұғалімдердің жұмыс орны сақталады, іске асыру кезінде мектептердің кадрлық деңгейін ескереміз”, – деді ол.
Экспериментке қатысатын мектептердің нақты тізімі кейінірек жарияланады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ۆ الماتى س 27 پو 31 وكتيابريا ۆرەمەننو وتكليۋچات ەلەكتريچەستۆو
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
شىمكەنتتە بالالارعا بەرىلەتىن بىرجولعى الەۋمەتتىك كومەك جىل سوڭىنا دەيىن تولەنەدى
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo