Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2025-08-30 14:00:00

Следуй за нами

53

Тоқаев: Конституция – ел бірлігі мен тұрақтылығының берік негізі

news single

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтау хаты Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Shalqar.kz.

 

Президент өз сөзінде осыдан 30 жыл бұрын өткен референдумда халқымыз тарихи таңдау жасап, Ата заңды қабылдағанын атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, Конституция тәуелсіздігіміздің тірегі әрі мемлекеттілігіміздің мызғымас іргетасы болып табылады.

 

“Құрметті отандастар! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 30 жыл бұрын өткен референдумда халқымыз Ата заңын қабылдап, тарихи таңдауын жасады. Конституциямыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды. Онда ұлтымыздың бүгінін және болашағын айқындайтын мызғымас құндылықтар мен қағидаттар нақты көрініс тапты. Ата заң Қазақстанның барлық азаматының мүддесін ұлтына, дініне қарамастан бірдей қорғайтын әлеуметтік мемлекет ретіндегі құқықтық іргетасын қалыптастырды.

 

Конституция қоғамдық келісім мен ішкі тұрақтылықтың басты кепілі саналады. Сан түрлі саладағы жетістіктерге осы негізгі заңымызға сүйене отырып қол жеткіздік. Үш жыл бұрын ел дамуының жаңа тарихи кезеңіндегі міндеттерге сәйкес, ауқымды конституциялық реформа жасалды. Оның басты нәтижесі — саяси жүйенің “Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет” тұжырымдамасының негізінде жаңғыруы. Конституциялық реформада адам құқықтарын қорғауға, Заң мен тәртіп үстемдігін орнықтыруға баса мән берілді. Ата заңға әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды болмаған, инновациялық сипаттағы бірқатар жаңа ереже енгізілді”, - деді Тоқаев.

 

Сонымен қатар Президент Қазақстанның конституциялық реформасына Венеция комиссиясы мен халықаралық сарапшылардың жоғары баға бергенін атап өтті. Ол ел азаматтарын Ата заңды құрметтеуге, ережелерін сақтауға шақырды.

 

“Әділетті, Таза, Қуатты әрі Қауіпсіз Қазақстан құрамыз десек, азаматтарымыз Ата заңды құрметтеп, оның барлық ережесін мүлтіксіз сақтауы керек. Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарына ұлтымызды жұмылдыратын Конституциямыздың аясында барша азаматымыздың Отанымызды өркендету үшін жасампаздықпен еңбек етуіне барлық жағдай жасалған. Еліміздің барша азаматына зор денсаулық, бақ-береке тілеймін”, - деді Мемлекет басшысы.

 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
user icon
Ciara Goward Greetings, We have a exclusive proposal for your website shalqar.kz. Why you need this: to have every campaign, partner program, or idea start bringing visitors and results today — without wasting a dime on ads or tech headaches. Ghost Pages turns you into a stealth engine that Google absolutely favors: you build quiet pages using a unique Google asset, and they automatically start driving engaged people — while your competition is completely unaware. It’s simple, it’s quick, it’s genius: no domains, hosting, social media, or technical skills required — if you can follow simple steps, you can do this. Plus, it really delivers and scales: launch one Ghost Page and instantly — audience flow flows wherever you want: partner programs, e-com, leads — you choose. Get going right away? Discover how and get performance that might surprise you. Experience the demo: https://smartexperts.pro/GhostPages?shalqar.kz You are receiving this update because we believe our deal may be valuable to you. If you do not wish to receive further information from us, please click here to UNSUBSCRIBE: https://smartexperts.pro/unsub?domain=shalqar.kz Address: 1464 Lewis Street Roselle, IL 60177 Looking out for you, Michael Turner.
user icon
Karolyn Huon de Kerilleau Hello We are looking for company like yours, we would like to make big order. Please contact us on whatsapp for more details: +1 343 946 6368

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться