Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2025-09-01 21:14:00

Следуй за нами

50

Балконды бөлмеге қосқан қазақстандықтар жылуға артық төлейді

news single

Қазақстанда жылу ақысына балконның шаршы метрі де қосылуы мүмкін. Алайда бұл барлық тұрғындарға бірдей қатысты емес. Егер үйде есептеуіш құрал болмаса және балкон бөлмемен қосылып кетсе, ол пәтердің жалпы аумағына енгізіледі, демек, тариф жоғарылайды, деп хабарлайды Shalqar.kz.

 

Мысалы, пәтердің негізгі аумағы 50 шаршы метр болса, ал балконы 5 шаршы метрді құрайды делік. Егер балконды қонақ бөлмеге қоссаңыз, пәтердің техникалық құжаты бойынша жалпы аумағы 55 шаршы метрге өзгереді. Бұл жағдайда жылу ақысы да қымбаттайды. Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті түсіндіргендей, балконды негізгі бөлмеге қосқан жағдайда ол «пайдалы аумаққа» енеді, ал есептеуіш құрал орнатылған үйлерде тек нақты тұтынған жылу үшін төлем жасалады.

 

Бұл ереже көбіне ескі үйлерге әсер етеді, себебі жаңа баспаналарда жылу есептегіштері орнатылған. Яғни, тұрғын балконды қосса да, қоспаса да, жылуды нақты қолданғанына қарай төлейді. Дегенмен, көпшілік бұл жағдайды әділетсіз деп санайды. Кейбір тұрғындар «балкон ешқашан бөлме бола алмайды» десе, енді біреулер «егер жылытылса, төлеу әділетті» деп пікір білдіруде.

 

Заң бойынша балкон қосылып немесе бөлмеден бөлінген жағдайда пәтердің кадастрлық құжаты жаңартылады. Дегенмен, үйді сатқанда ескі техникалық паспорт жарамды болып қала береді. Ал ипотека рәсімдеу кезінде банктер міндетті түрде жаңартылған құжатты талап етеді.

 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться