Қылмыс

Автор: ADMIN

Қылмыс 2025-09-05 20:07:00

Следуй за нами

39

Каспий теңізінде есірткі тасымалдаған ирандық контрабандистер қолға түсті

news single

Әзербайжанның Мемлекеттік шекара қызметі ірі көлемдегі арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде Иранның екі азаматы ұсталды. Олардың қолынан 12 келіге жуық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Shalqar.kz.

 

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 4 қыркүйекке қараған түні Нефтчала ауданы маңында болған. Сағат 00:25-те шекарашылар жоғары жылдамдықпен жағалауға бет алған қайықты байқаған. Бірден бөгеп тоқтату операциясы басталғанымен, тәртіп бұзушылар ескертуге бағынбай қашуға тырысқан. Қуғын кезінде қайықтың қозғалтқышы өртеніп, суға құлаған екі қылмыскер контрабандалық пакеттерін теңізге лақтыра бастаған.

 

Құтқару операциясы кезінде олар ұсталып, судан шығарылды. Шекарашылардың арқасында қылмыскерлердің бірі аман қалып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Тексеру барысында теңізге тасталған пакеттердің бірінен 11 келі 850 грамм есірткі табылды.

 

Ұсталғандар — 1994 жылы туған Гулреза Джавад Алиреза мен 1996 жылы туған Бордбар Милад Мансур есімді Иран азаматтары екені анықталды. Бұл дерекке байланысты Әзербайжан Қылмыстық кодексінің бірнеше бабымен іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу және жедел іздестіру шаралары жалғасуда.

 

Айта кетейік, тамыз айында да Әзербайжан құқық қорғаушылары 134 келіге жуық марихуана, героин, опиат пен 1000 метадон таблеткасын елге енгізбек болғандардың жолын кескен.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться