Автор: ADMIN
2026 жылы Алматыдан Нью-Йоркке тікелей рейс ашылады
Қазақстандықтар көптен күткен Алматы – Нью-Йорк бағытындағы тікелей әуе рейсі 2026 жылы қолжетімді болмақ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Алғашқыда бұл рейс 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланған еді. Алайда белгілі себептерге байланысты мерзім кейінге шегерілді. Дегенмен нақты күн әлі бекітілген жоқ.
АҚШ-қа тікелей рейс ашу туралы бастама 2023 жылдан бері айтылып келеді. 2024 жылдың сәуірінде Қазақстан мен АҚШ авиациялық әкімшіліктері келіссөздер жүргізгенімен, нәтиже уәде күйінде қалған. Соның салдарынан қазақстандықтар Нью-Йоркке тікелей ұшуды енді 2026 жылға дейін күтуге мәжбүр.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы Алматы мен Токио арасында да тікелей рейс ашылатыны хабарланған болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ۆ الماتى س 27 پو 31 وكتيابريا ۆرەمەننو وتكليۋچات ەلەكتريچەستۆو
شىمكەنتتە بالالارعا بەرىلەتىن بىرجولعى الەۋمەتتىك كومەك جىل سوڭىنا دەيىن تولەنەدى
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo