Автор: ADMIN
Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тіс емдеуге қайта пайдалана алады

15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану бойынша өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады. Бірақ бұл шектеу ұзаққа созылмайды: өтінімдер 2026 жылдың 15 сәуірінен кейін қайтадан қабылдана бастайды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Отбасы банктің мәліметінше, мұндай шешімнің себебі – соңғы жылдары тіс емдеуге бөлінген зейнетақы қаражатын мақсатсыз пайдалану мен жалған құжаттарды пайдалану деректерінің көбеюі. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін емдеуге қолдану ережелеріне өзгерістер енгізген еді. Дегенмен, енгізілген түзетулер стоматологиялық қызметке қатысты күмәнді схемаларды толық тоқтатпаған.
Сол себепті Үкімет Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қаржы министрлігі және Қаржы мониторингі агенттігінің қатысуымен жиын өткізіп, өтінім қабылдауды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Осы аралықта алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін жаңа жүйе әзірленеді.
Статистикаға сүйенсек, 2021 жылдан 2025 жылдың тамызына дейін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тек «Стоматологиялық қызметтер» бағыты бойынша 795 мыңнан астам транзакция жасалып, жалпы сомасы 757 млрд теңге болған. Оның ішінде 222,6 млрд теңге тек 20 жетекші клиникаға түскен. Бұл клиникалардың жартысы Атырауда орналасқан, қалғаны Алматы мен Астанада. Тек Атыраудағы бір клиникаға ғана азаматтар 22,9 млрд теңге аударғаны белгілі болды.
Күдікті транзакцияларға қатысты материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Қаржы мониторингі агенттігі қазірдің өзінде бірқатар стоматологиялық клиникаларды тексеруді бастаған. Бұған дейін заңсыз жолмен 200 млрд теңге көлемінде зейнетақы қаражатының жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы шығарылғаны да анықталған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

ماڭعىستاۋداعى سۇمدىق اپات: بەكەت-اتاعا بارا جاتقان 10 ادام قازا تاپتى
Последние новости

Mañğıstaudağı swmdıq apat: Beket-Atağa bara jatqan 10 adam qaza taptı

ماڭعىستاۋداعى سۇمدىق اپات: بەكەت-اتاعا بارا جاتقان 10 ادام قازا تاپتى

Трагедия в Мангистау: 10 человек погибли по пути к святыне Бекет-Ата