Автор: ADMIN
БҚО-да кітапхана есепшілері жоқ қызметкерлерге жалақы жазып, 46 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Батыс Қазақстан облысында Теректі аудандық орталық кітапхана жүйесінің есепшілері мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен сотқа жіберілді. Тергеу деректеріне сәйкес, олар бірнеше жыл бойы жоқ адамдарға жалақы аударып, қаражатты өз шоттарына түсіріп отырған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Тергеу мәліметінше, мемлекеттік мекеменің бас есепшісі мен оның әріптесі 2023 жылдан бері қылмыстық келісім жасап, ай сайын “қиялдағы қызметкерлерге” жалақы есептеп келген. Барлық ақша олардың жеке есепшоттарына аударылып отырған. Салдарынан мемлекетке 45,9 млн теңге шығын келген.
Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері аталған қаржы толық көлемде өндірілгенін айтты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ولەگ سوكولەنكو گەرمانيياداعى حالىقارالىق تۋرنيردە كۇمىس جۇلدە الدى
Алматыда электр желілерінің зақымдануына байланысты екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Последние новости
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى