Автор: ADMIN
Қарағанды мен Қазан университеттері дәрігерлерді бірлесіп даярлайды
Қарағанды медицина университеті мен Қазан мемлекеттік медицина университеті жаңа «Медицина» атты бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосты. Жоба болашақ дәрігерлерге қос диплом алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Shalqar.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бағдарлама бойынша оқыту алты жылға созылып, күндізгі форматта екі жоғары оқу орнының базасында өтеді. Бағдарламаны тәмамдаған түлектер Қазақстан мен Ресейде қосымша аккредиттеуден өтпей-ақ дәрігер болып жұмыс істей алады. Сондай-ақ, түлектер Қазақстандағы резидентураны немесе Ресейдегі клиникалық ординатураны таңдап, білімін жалғастыра алады.
Жоба түлектерге практикалық медицинада еңбек етуге, ғылыми-зерттеу саласына араласуға және педагогикалық қызметпен айналысуға жол ашады. Қабылдау Қазақстандағы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі мен Ресейдегі кешенді тест (БМЕ баламасы) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Бұл бірлескен бағдарлама екі жетекші медициналық ЖОО-ның тәжірибесін тоғыстырып, халықаралық деңгейде мойындалатын мамандарды даярлауға бағытталған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo