Автор: ADMIN
Астанада жалпықалалық сенбілік: қала тұрғындары бір күнде елорданы жасыл аймаққа айналдырады
20 қыркүйек, сенбі күні елордада Дүниежүзілік тазалық күніне арналған «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акция өтеді. Шара барысында қала аумағы қоқыстан тазартылады, саябақтар, гүлзарлар мен аулалар ретке келтіріледі. Сонымен қатар сауда орталықтарының, тамақтану орындарының және түрлі ұйымдардың аумақтары абаттандырылады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Сенбіліктің ең басты ерекшелігі – қаладағы алты ауданда ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Осылайша, тұрғындар тек қоқыс жинап қана қоймай, жасыл белдеудің ұлғаюына да үлес қоспақ.
Әкімдік шағын және орта бизнес өкілдерін, тұрғын үй басқармаларын, еріктілер мен белсенді азаматтарды сенбілікке қатысуға шақырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – қала тұрғындарына тазалықтың маңызын түсіндіріп, экологиялық мәдениетті дамыту.
Экоакция сағат 10:00-де басталып, кез келген тұрғын өз ауданын көркейтуге үлес қоса алады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo