Автор: ADMIN
Қазақстан мектептері жаңа дизайн-кодпен өзгереді: сыныптар тарих пен құндылықтар рухында безендіріледі
Қазақстан мектептерінде «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын насихаттайтын бірыңғай безендіру үлгісі енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жаңа дизайн-код аясында әр пән кабинеті оқушылардың жас ерекшелігіне сай безендіріліп, күнделікті жақсы әдеттерді қалыптастыратын суреттер мен нақыл сөздер қолданылады. Ал мектептің ортақ кеңістіктерінде еліміздің табиғи көрікті жерлерінің, тарихи тұлғалардың бейнелері мен ойшылдардың қанатты сөздері орналастырылады.
«Адал азамат» бағдарламасының алты негізгі құндылығына негізделген бұл брендбук мектептерге өз ерекшеліктеріне қарай үлгілерді таңдауға мүмкіндік береді. Құжат үнемі толықтырылып, заман талабына сай жетілдіріліп отырады.
Жаңа үлгі кезең-кезеңімен енгізіледі: алдымен жаңадан салынған мектептерде, кейін реновациядан өтетін 1300 білім ордасында, соңғы кезеңде – күрделі жөндеуден өтетін қалған оқу орындарында қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, биылғы 1 қыркүйектен бастап барлық мектепте жаңа тәрбие бағдарламасы іске қосылған болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
ۆ الماتى س 27 پو 31 وكتيابريا ۆرەمەننو وتكليۋچات ەلەكتريچەستۆو
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo