Автор: ADMIN
Қазақстанда жаңа министрлік құрылды: Жасанды интеллект басты назарда Қазақстанда мемлекеттік басқару

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды өзгеріс орын алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жаңа қаулыға сәйкес, елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды, деп хабарлайды Shalqar.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл шешімге байланысты бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қайта құрылып, оның міндеттері жаңа министрлікке өтті. Сондай-ақ инновациялық қызмет саласындағы функциялар Ғылым және жоғары білім министрлігіне жүктелді.
Жаңа министрлік цифрлық даму саласын үйлестіріп қана қоймай, жасанды интеллект технологияларын дамытуға бағытталған басты органға айналады. Үкіметке мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлу және жарлықты жүзеге асыруға қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Жарлықтың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне жүктелді. Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

قازاقستاندا جاڭا مينيسترلىك قۇرىلدى: جاساندى ينتەللەكت باستى نازاردا قازاقستاندا مەملەكەتتىك باسقارۋ

В Казахстане создано новое министерство: искусственный интеллект выходит на первый план

Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту: тұман, үсік пен найзағай күтіледі
Последние новости

Qazaqstannıñ 15 öñirinde dauıldı eskertu: twman, üsik pen nayzağay kütiledi

قازاقستاننىڭ 15 وڭىرىندە داۋىلدى ەسكەرتۋ: تۇمان, ۇسىك پەن نايزاعاي كۇتىلەدى