Автор: ADMIN
Алматы маңындағы қоқыс полигонындағы алып өрт ақыры ауыздықталды
Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында бірнеше күн бойы жалғасқан өрт ақыры оқшауланды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау 15 қыркүйек таңында тұтанған. Өрт сөндірушілер дүйсенбіден бері жалынды ауыздықтау үшін тынымсыз жұмыс істеп келді. Құтқару жұмыстарына Алматы, Шымкент, Жетісу, Абай, Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарынан төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ екі әскери бөлімнің қызметкерлері жұмылдырылды. Барлығы 200-ден астам маман мен 90-нан аса техника іске тартылды.
Жалынды сөндіру бірқатар қиындықтарға байланысты күрделі болды, ал «ҚазАвтоЖол» мекемесі тұрғындарға аймақтағы жол қозғалысының уақытша шектелетінін ескертті. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі, соның ішінде қасақана өртеу нұсқасы да тексерілуде. Бұған қоса, Алматы облысының Алатау қаласында техногендік төтенше жағдай режимі енгізілген.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
В Алматы с 27 по 31 октября временно отключат электричество
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo