Автор: ADMIN
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы Ассамблеяның Жалпы дебатында сөз сөйлеп, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымын таныстырады. Сонымен қатар Тоқаев бірнеше мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр.
Сапар барысында Президент трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізіп, «дөңгелек үстел» форматындағы жиындарға қатысады. Бұл шаралар Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін шетелдік әріптестерге кеңінен таныстыруға бағытталған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى
Последние новости
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى