Автор: ADMIN
Қазақстанда әлеуметтік көмек кімдерге беріледі: жаңа тізім жарияланды
Қазақстанда мемлекеттен әлеуметтік қолдау алатын азаматтардың нақты санаттары бекітілді. Тиісті бұйрыққа премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қол қойды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жаңа Салық кодексі аясында дайындалған бұл құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтар қатарына мынадай санаттар кіреді:
1. арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар;
2. мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
3. арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар;
4. зейнетақы төлемдерін алатын мүгедектігі бар адамдар;
5. 18 жасқа толмаған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
6. атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
7. Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы №ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығында көрсетілген әлеуметтік маңызы бар аурулары бар тұлғалар;
8. айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізіміне енгізілген сырқаты бар адамдар (№ҚР ДСМ-162/2020 бұйрығы);
9. екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулары бар тұлғалар (№1033 бұйрық);
10. созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын азаматтар (№ҚР ДСМ-14 бұйрығы).
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексіне қол қойған болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Сырьё тянуло рынок вниз, банки — вверх
سوڭعى 50 جىلداعى قىتايدا بولعان ىرى ورت اپاتتارىنا شولۋ
سىرьيو تيانۋلو رىنوك ۆنيز, بانكي — ۆۆەرح
Последние новости
Qor narığın şikizat tömen tartıp, bankter alğa süyredi
قور نارىعىن شيكىزات تومەن تارتىپ, بانكتەر العا سۇيرەدى
Sır'e tyanulo rınok vniz, banki — vverh